Трамп Путин мен Зеленскийді бетпе-бет кездесуге шақырды

Бүгін, 10:35 / Ахмет Қанатұлы
Дональд Трамп. Фото: Aaron Schwartz/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқылау үшін тікелей кездесуге шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақ үйдің алдында журналистермен сөйлескен Трамп екі тараптың да келіссөз үстеліне отыруы қажет екенін мәлімдеген.

"Зеленский мен Путин кездесіп, осы мағынасыз соғысқа нүкте қоюы тиіс", – деді ол.

Трамптың пікірінше, Мәскеу де, Киев те келісімге қол жеткізгісі келеді, алайда оның жолын таба алмай отыр. АҚШ әкімшілігі соңғы күндері Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қайта жандандыруға тырысып келеді.

Сонымен қатар Трамп Путиннің келісім жасауға Зеленскийге қарағанда көбірек мүдделі деген пікір білдірді.

"Меніңше, ол мәміле жасағысы келеді. Енді Зеленскийдің де келісімді қалауына ықпал етуіміз керек", – деді АҚШ президенті.

Тэгтер:

ресей АҚШ украина Дональд Трамп