Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 12:16 / Ахмет Қанатұлы
Ермек Көшербаев. Фото: ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі

Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар ол Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарады.

Бұдан бөлек, Президент жарлығымен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Тэгтер:

Ермек Көшербаев