Қазақстандық әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қаралы хабарды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
"Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін", – делінген жазбада.
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 14 қазан күні сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтетіні хабарланды.