Алматыда көлік тұрағына талас адам өлімімен аяқталды

Бүгін, 10:38 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Пышақ жарақатын алған 37 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал тұрғындар арасында көлік қоятын орынға қатысты туындаған. Кикілжің кезінде ер адам ауыр жарақат алып, кейін қайтыс болған.

Куәгердің сөзінше, марқұм көп қан жоғалтқан.

«Ол қанға тұншыға бастады. Кейін оның тамағы кесілгенін білдім», – дейді оқиға куәгері.

Марқұмның артында 8 жасар ұлы мен жүкті әйелі қалды.

Тэгтер:

алматы көлік адам марқұм тұрақ