Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы айтылды

Бүгін, 10:27 / Ахмет Қанатұлы
Ақбаян Мұқанғалиева. Фото-коллаж: Ozgeris.info

Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы мәлімет тарады, деп жазады Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде оның видеолары жарияланып, көпшіліктің назарын аударған.

Туыстарының айтуынша, Ақбаянның қалыпты өмірге қайта бейімделуі үшін әлі де уақыт, тұрақты күтім және қолдау қажет.

"Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес", – делінген видеодағы жазбада.

Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шыққаннан кейін бес баласымен қауышқан.

Қазір ол туыстарының қарауында болып, ем қабылдауын жалғастырып жатыр.

Тэгтер:

Ақбаян Мұқанғалиева