Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның мәйіті табылды

Бүгін, 16:46 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттердің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді полиция департаментінің өкілдері.

Тэгтер:

ақмола шахта Облыс кенші