Заң мен Тәртіп әрқайсымыздан басталады: Жаңа адамдар Kazakhstan Prevention Days 2026 көрмесіне қатысты

Бүгін, 17:13 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Жаңа адамдар

17 қазанда Астанада құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Kazakhstan Prevention Days 2026 көрмесі өтті. Көрме мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдерінің, сондай-ақ белсенді азаматтардың басын қосты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көрмеде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 60-қа жуық жоба таныстырылды. Басты тақырып Заң мен Тәртіп қағидаты болды.
Жаңа адамдар заңды сақтау, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық жауапкершілік мәселелерін талқылауға қосылды. Белсенділер тұрғындар мен түрлі ұйымдардың өкілдерінен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы азаматтардың рөлі туралы пікірлерін білді.

124 мини-Қозғалысының көшбасшысы Алмат Қуаныш Жаңа адамдардың балаларды қорғау және олардың дамуы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берді.

"Мәселелердің барлығы бізге қатысты, ал біздің жасап жатқан кез келген іс-әрекетіміз еліміздің бүгіні мен ертеңін қалыптастырады", – деп атап өтті Алмат Қуаныш.

Қауіпсіздік адамның заңға және айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасынан басталады. Қандай қоғамда өмір сүретініміз біздің күнделікті іс-әрекетімізге байланысты.

Тэгтер:

Жаңа адамдар