Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының колледжде түсірген бейнебаяны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Алматы қалалық білім басқармасы түсірілімнің ведомствомен алдын ала келісілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Басқарманың түсіндіруінше, әуелде әншінің студенттермен кездесуі жоспарланған. Жүздесуде Дильназ Ахмадиева өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгімелеуге тиіс болған.
Алайда колледж әкімшілігі түсірілімнің мақсатын, сценарийін және бейнебаян мазмұнын жеткілікті қарастырмаған. Сол уақытта оқу орнының директоры қызметтік іссапарда жүрген. Түсірілімге оның міндетін атқарушы рұқсат берген.
Енді қажетті келісім алынбай тұрып бейнебаян түсіруге жол берген басшының тәртіптік жауапкершілігі қаралмақ.