"Не айтып тұрғанын өзі білмейді": Трамп Зеленскийді тағы да сынға алды

Бүгін, 10:34 / Ахмет Қанатұлы
Дональд Трамп пен Владимир Зеленский. Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге қатысты кезекті мәлімдеме жасады. Ол Зеленскийді Ресеймен соғысты тоқтатуға құлықсыз деп айыптап, Украина атынан келіссөз жүргізетін басқа адам қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дональд Трамп Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Украинадағы соғыс пен оны тоқтату жөніндегі келіссөздерге тоқталды.

Тілшілердің бірі АҚШ президентінен Владимир Зеленскийдің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікірін сұраған. Трамп жауап ретінде Украина басшысын сынға алды.

"Зеленский не дейді? Ол не айтып тұрғанын өзі білмейді. Зеленский әлдеқашан осы соғысты реттеуі керек адам еді. Мені тыңдаса, әлдеқайда тиімді келісімге келер едік", – деді Трамп.

АҚШ басшысының пікірінше, Украина президенті соғысты тоқтату мүмкіндігін дер кезінде пайдаланбаған.

Трамп Украина атынан басқа адам келіссөз жүргізуі мүмкін екенін айтты

Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты пікірін жалғастырып, келіссөздерге басқа өкіл қатысуы керек деген ұсыныс білдірді.

Оның сөзінше, Украина атынан келіссөз жүргізетін «басқа адам табатын уақыт келді».

Сонымен қатар АҚШ президенті Вашингтонның Украинаға көрсетіп отырған көмегі туралы айтты.

"Біз Украинаға барлау деректерін беріп жатырмыз. Біз өте көп нәрсе береміз. Білесіздер ме, олар бізге түк қайтармады", – деді Трамп.

Тэгтер:

Дональд Трамп Владимир Зеленский