Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсетіп, қорлағаны туралы деректер анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Прокуратураның мәліметінше, санитарлар тәрбиеленушілердің дәрменсіздігін пайдаланып, оларға әлімжеттік көрсеткен. Кейбір қызметкерлер мұны көрсе де, балаларды қорғау үшін шара қолданбаған.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікке ілінген қызметкерлер жұмыстан шеттетіліп, олардың тәрбиеленушілермен байланысуына шектеу қойылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.