Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі көлемді сұхбат берді

Бүгін, 11:32 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Дархан Мұсаев НТК телеарнасындағы «Не дейді?» бағдарламасында бұрынғы жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ажырасқаннан кейін жанына батқаны — бұрынғы сезімі емес, көңілінде қалған өкпе. Ол экс-жұбайының өзіне жасаған әрекетіне налығанын жеткізді.

«Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесіліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын», – деді Дархан Мұсаев.

Актер өмірінде ауыр қаза көргенін де еске алды. Ол 16 жасында анасынан айырылғанын айтып, жеке өміріндегі өзгерістерге бола өзін күйзеліске түсіргісі келмейтінін түсіндірді.

Тэгтер:

актер Дариға Бадықова Дархан Мұсаев