Қазақстанда есірткіге қатысты іс бойынша ұсталған ресейлік рэпер Наваи Бакиров (Navai) қамаудан босатылды. Музыкантқа елден кетуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Шешім қабылдау кезінде әртістің алғаш рет құқық бұзғаны және шын өкінгені ескерілген.
Еске салайық, Navai 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кірер кезде “Қордай” өткізу пунктінде ұсталған. Көлікті тексеру барысында тыйым салынған зат табылып, рэпер есірткі контрабандасына күдікті болған.
15 қазанда сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Осыдан кейін музыкант Тараздағы тергеу изоляторына қамалды. Ұсталуына байланысты Астанада жоспарланған концерті өтпей қалған.