Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда жариялайды

Бүгін, 20:59 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын мәлімдеді. Президент маңызды құжаттың мәтіні әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қазанда X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Президенттің мәліметінше, биылғы Жолдау қазан айының соңында, күннің бірінші жартысында жарияланады.

"28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев