Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовтың кешірім сұрауын талап етті

Бүгін, 12:08 / Альфия Адамбек
Фото: Әлеуметтік желі

Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде оқырман пікіріне жауап беріп, бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың сахнада айтқан әзілдеріне қатысты ренішін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желі қолданушысы әзілкештің 15 жыл бойы Мөлдірдің өмірі мен отбасылық тұрмысын әңгімелеріне арқау етіп, сол арқылы табыс тапқанын жазған. Мөлдір бұл пікірге жауап беріп, өз ойын ашық жеткізді.

"15 жыл материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді алдап. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша істегені үшін Қазақ елінен кешірім сұрау керек-ау", – деп жазды ол.

Тэгтер:

тұрсынбек қабатов отбасы Мөлдір Мұқан