Қазақстандық пара велошабандоздар Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:21 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Ұлттық паралимпиада комитеті

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль иеленді. Ұлттық құрама өкілдері бір күнде үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық пара велошабандоздар көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы 5 шақырымдық жекелей жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Ерлер арасындағы бәсекеде ел намысын қорғаған Наиль Ермұханбет қарсыластарынан озып, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Оған жарыс барысында бағыт беруші Руслан Әлиев көмектесті.

Осы сайыста тағы бір қазақстандық спортшы Кирилл Ильюкевич күміс медаль жеңіп алды. Ол бағыт берушісі Глеб Брусенскиймен бірге өнер көрсетті.

Анастасия Калаус Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Әйелдер арасындағы 5 шақырымдық жекелей жарыста да қазақстандық спортшылар көзге түсті.

Анастасия Калаус бағыт берушісі Полина Братчиковамен бірге сынға түсіп, алтын медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы пара велоспорттан бір күн ішінде екі чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ал осы жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Жұлдыз Қайнарова мәреге жете алмады.

Тэгтер:

спорт