Қазақстанда декретке шыққан әкелерге жәрдемақы төленбейді: 2027 жылдан бастап не өзгереді?

Бүгін, 16:37 / Ахмет Қанатұлы
Фото: PxHere

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бала күтіміне байланысты төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді. Жаңа ережеге сәйкес, отбасында анасы мен әкесі бірге болған жағдайда бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем анасына беріледі. Ал әкелердің бала күтіміне байланысты демалысқа шығу құқығы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Министрдің түсіндіруінше, бала 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін төлемнің мақсаты қайта қаралып, аналар мен балаларды әлеуметтік қолдауға басымдық беріледі.

"Ер адам декреттік демалысқа шығып, баласына күтім жасай алады, бірақ жәрдемақы алмайды. Төлемді тек анасы алады", – деді Асқарбек Ертаев.

Әкесі декретке шықса, жәрдемақыны кім алады?

Жаңа тәртіп бойынша ер адам бала күтіміне байланысты демалыс рәсімдеп, үйде баласына қарай алады. Алайда ай сайынғы әлеуметтік төлем оның өзіне емес, баланың анасына тағайындалады.

Мәселен, отбасында әкесі бала күтімімен айналысып, ал анасы жұмысқа қайта оралса да, әйел бала 1,5 жасқа толғанға дейін тиісті әлеуметтік төлемді алу құқығын сақтайды.

Министрлік бұл өзгерісті аналар мен балаларға көрсетілетін әлеуметтік қолдауды қайта ұйымдастырумен байланыстырып отыр.

Жәрдемақы қандай отбасыларға төленеді?

2027 жылдан бастап бала күтіміне қатысты төлемдерді қаржыландыру кезінде отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ананың жұмыс істеген-істемегені ескеріледі.

Атап айтқанда:

Осылайша, ресми жұмыс істеген әйелдердің әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы алатын төлемдері отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталады. Ал республикалық бюджеттен бөлінетін жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының табысы мен әлеуметтік жағдайына назар аударылады.

Баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер ше?

Жаңа ережеде балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдардың жағдайы да ескерілген.

Егер әкесі баланы жалғыз бағып, заңда көзделген тиісті мәртебеге ие болса, оның әлеуметтік төлем алу құқығы сақталады. Демек, 2027 жылдан бастап барлық әкелер жәрдемақы алу мүмкіндігінен бірдей айырылмайды. Ерекше жағдайлар қарастырылған.

Декреттік демалысқа шығу құқығы сақталады

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, өзгерістер ер адамдардың бала күтімі бойынша демалыс алу құқығын жоймайды.

Әкелер бұрынғыдай баласына күтім жасау үшін жұмыстан тиісті демалыс рәсімдей алады. Өзгеріс негізінен төлемнің кімге тағайындалатынына қатысты.

Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын болады.

Тэгтер:

отбасы әке декреттік төлем