Депутат Айжан Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа жолын ұсынды

Бүгін, 15:15 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Депутат Айжан Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін алдын ала анықтау үшін бірнеше өңірде “Электрондық қорғаныс аймағы” пилоттық жобасын іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осы мәселе бойынша депутат Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, полицияның жұмысы зорлық-зомбылық болғаннан кейін әрекет етумен шектелмей, қауіпті ертерек анықтауға бағытталуы қажет.

Аймағанова үш шараны қолға алуды ұсынды:

Бірнеше өңірде “Электрондық қорғаныс аймағы” жобасын сынақтан өткізу;

Қауіп туралы сигнал түскен кезде полицияның әрекет ету тәртібін белгілейтін бірыңғай алгоритм бекіту;

Әрбір сигналды және оған байланысты полиция қабылдаған шараларды цифрлық жүйеде тіркеу.

Депутаттың сөзінше, мұндай тәжірибе Францияда қолданылып келеді. Қазақстанда да жобаны жүзеге асыруға қажетті тетіктер бар. Сондықтан жаңадан қымбат жүйе құрудың қажеті жоқ деп есептейді.

Тэгтер:

депутат зорлық Айжан Аймағанова