Ақтөбеде Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Компания мәліметінше, оқиға 20 қазанда болған.
Сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау-кен массасы опырылған.
Салдарынан ұңғылаушы ауыр жарақат алып, көз жұмды.
Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді.
Облыстық полиция тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.