Соғыс аймағына тап болған 13 қазақстандық елге оралуға дайындалып жатыр

Бүгін, 09:45 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Украинадағы соғыс аймағына тап болған 13 Қазақстан азаматы әскери міндеттен ресми түрде босатылды. Қазір олардың елге қайтуына құқықтық кедергі жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев хабарлап, азаматтардың отбасыларының үндеуін жариялады.

«Аллаға шүкір, сүйінші! Жағдайға тап болған қазақстандық азаматтардың алғашқы 13-і әскери міндеттен босатылды. Енді олардың елге оралуына еш құқықтық кедергі жоқ», – делінген мәлімдемеде.

Отандастарымыздың жақындары мәселенің шешілуіне қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы мен Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтты.

Бұған дейін Ресейге жұмыс іздеп барған қазақстандықтар алдауға түсіп, майданға жіберілгелі жатқанын айтып, видеоүндеу арқылы көмек сұраған еді. Осыдан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапымен консультациялар өткізіп, азаматтарды елге аман-есен қайтару жұмыстарын жедел бастаған.

Тэгтер:

украина құқық соғыс әскер