Атырауда алтыншы сынып оқушысы буллингке ұшырап, мектепке пышақ алып келген

Бүгін, 15:19 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал шығып, олардың бірінен пышақ табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 21 қазанда болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқушы мектепке пышақ әкеліп, өзін ренжіткен сыныптастарына қоқан-лоқы көрсеткен.

Бала қатарластары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Дегенмен бұл жайттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

Пышақты көрген оқушылар мұғалімге хабарлаған. Педагог полиция қызметкерлері мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Атырау облыстық полиция департаменті оқушылар арасында жанжал болғанын және бірінен пышақ табылғанын растады. Сонымен бірге ведомство мектепте пышақтасу болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тэгтер:

оқушы мектеп атырау