Тибетте болған жер сілкінісі салдарынан 16 адам көз жұмып, тағы 32 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Табиғи апаттан 339 тұрғын үй қирап, өңірде электр қуаты үзілген. Тау жыныстарының опырылып түсуінен бірқатар жол жабылған.
Жолдардың бітелуі құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Құтқарушылар кейбір елді мекендерге жете алмай жатыр.
Апатқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған.