Шағын автобус пойызбен соқтығысып, алты адам опат болды

Бүгін, 17:06 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Теміржол мекемесінің хабарлауынша, шағын автобуста болған тағы бір жолаушы зардап шеккен. Оның жағдайы мен алған жарақаттары туралы берілген хабарламада айтылмаған.

Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны, сондай-ақ соқтығысуға не себеп болғаны жөнінде әзірге қолдағы ақпаратта мәлімет жоқ. Қаза тапқандардың кім екені де көрсетілмеген.

Тэгтер:

ресей пойыз апат