Ақмола облысында көлік үш жұмысшыны қағып кетті: біреуі қаза тапты

Бүгін, 12:26 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында Chery Arrizo 8 көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде болған үш жұмысшыны қағып кеткен. Олардың үстінде жарық шағылыстыратын кеудеше болмаған. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болып, екеуі медициналық мекемеге жатқызылды», – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

ақмола жұмысшы Облыс