Ақбаян Мұқанғалиеваның туысы әсерлі жазба жариялады

Бүгін, 15:21 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Атырау облысында болған қайғылы оқиғадан кейін көпшіліктің қолдауына ие болған Ақбаян Мұқанғалиеваның жақыны әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Ол Ақбаянның көз жасын алғаш рет көргенін айтып, оған деген ыстық ықыласын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазба авторының айтуынша, соңғы екі айда ол Ақбаянға жақын болып, қиын сәттерінде жанынан табылуға тырысқан. Осы уақыт ішінде екеуінің арасында ерекше бауырмалдық пен сенім қалыптасқан.

"Ақбаянның жанына жалау еткен, арқа сүйеп, кейде еркелеп, көбіне қырсығатын адамына айналғаныма екі ай болыпты. Қасымда жүргелі жылауын бірінші рет көріп отырмын. Көздеріңнен тек қуаныштың жасы ақсын, аппақ бауырым", – деп жазды ол.

Жақынының бұл сөзінен Ақбаянның соңғы уақытта қандай қиындықтарды бастан өткеріп жүргенін және оған жанашыр адамдардың қолдауы қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.

Тэгтер:

атырау Ақбаян Мұқанғалиева жазба