Әлем елдерінің президенттері Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Бүгін, 17:45 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құттықтау жолдағандар қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Франция Президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания Королі ІІІ Чарльз бар.

Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің басшылары, өзге мемлекеттердің жетекшілері мен халықаралық ұйым өкілдері ізгі тілектерін жеткізді.

Олар Қазақстанның жетістіктерін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Тэгтер:

тоқаев президент құттықтау