Дариға Бадықова мен Олжас Абай көпшілікке жаңа туындысын ұсынды

Бүгін, 14:28 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшаларында жаңа шығармашылық жұмыстары туралы хабарлады. Өнер иелері бейбіт күнде ерлік көрсетіп, қаза тапқан қаһармандарға арналған әнді көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дариға Бадықова мен Олжас Абай «Абырой» тобымен бірлесіп орындаған «Өмір үшін» атты жаңа әнін жариялады. Өнер иелері туындының өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқару жолында қаза тапқан батырлардың рухына арналғанын жеткізді.

Олар әлеуметтік желідегі жазбаларында әннің халық жүрегінен орын алып, ел рухын көтеретін туындыға айналғанын қалайтындарын білдірген.

"Бұл ән – бейбіт күннің батырларына, қаза тапқан қаһармандарымызға арналады. Халқымыздың рухын асқақтататын әнұранға айналса деген ниетіміз бар! Әнді тыңдап, өз бағаларыңызды беріңіздер!", - деп жазды өнер иелері.

Белгілі болғандай, «Өмір үшін» әні 19 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетілуі жоспарланған «Соңыра» фильмінің саундтрегі ретінде жазылған.

Тэгтер:

ән Олжас Абай Бадықова