Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Бүгін, 14:47 / Ахмет Қанатұлы

Президент әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі ауысты.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сейітқұлов Президент әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Оның орнына президент өкімімен Нұрболат Мағзұмов тағайындалды.