Павлодарда өткен волейбол жарысында шымкенттік жаттықтырушының спортшы қызға қол көтерген сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бапкердің қызыл форма киген волейболшы қыздың басынан алақанымен ұрғаны байқалады.
Видеодағы жаттықтырушы – Хамит Мырзабеков. Оқиға Павлодар қаласында өткен ойындардың бірінде болған.
Осы жағдайдан кейін жаттықтырушы жарыстан шеттетіліп, оған матч өтетін аймаққа кіруге тыйым салынған.
Оқиғаға қатысты өзге мән-жайлар әзірге белгісіз.