«Халықтық құрылыс»: бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады

Бүгін, 11:19 / Альфия Адамбек
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тарихындағы ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Атап айтқанда, көптеген елді мекенге табиғи газ бен таза ауыз су жеткізу жоспарланып отыр.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін жүзеге асырылатын жобалардың бастапқы тізімін дайындауды тапсырды. Бұл тізімге еліміздің барлық өңірі қамтылуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды құрылыс бастамасына «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды. Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ел экономикасының дамуына серпін беру.

Жаңа бастама аясында инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғыртуға басымдық беріледі. Президент бұл жұмыстар кәсіпкерліктің дамуына да мүмкіндік ашатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының болжамынша, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Президент аталған жобаның нәтижесін бүкіл ел халқы, әсіресе, жас ұрпақ көретініне сенім білдірді.

Тэгтер:

тоқаев жолдау басшы