Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды

Бүгін, 16:39 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Мамлют ауданында  жидек жеген 3, 5 және 8 жастағы үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Балалар көшеде ойнап жүріп, жидек жеп қойған. Олардың қанша жегені әзірге белгісіз.

Алдымен балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті тексеруден өткен. 

Кейін олар Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Дәрігерлердің айтуынша, үш баланың да жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуі де есін біледі, қажетті ем қабылдап жатыр.

Тэгтер:

бала улану Жидек