Марқұм заңгер Ғабит Өмірбектің әйелі жүрек тебірентер жазба жариялады

Бүгін, 09:27 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Жуырда өмірден өткен заңгер Ғабит Өмірбектің жұбайы Нағима әлеуметтік желіде марқұм күйеуін еске алып, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Threads желісіндегі парақшасында күйеуімен бірге түскен суреттерін бөлісіп, оның қазасын әлі күнге дейін қабылдай алмай жүргенін жеткізді. Жұбайын сағынған келіншек бірге өткізген бақытты күндерін еске алып, үш ұлы үшін алғысын білдірді.

«Сүйікті Ғабитім… Сенің енді жанымда жоқ екеніңе әлі күнге дейін сене алар емеспін. Даусыңды тағы бір рет естіп, өзіңді құшақтап, бірге өткізген өміріміздің бір сәтін болса да қайта оралтқым келеді. Маған сыйлаған махаббатың, бақытты жылдарымыз және өміріміздегі ең қымбат байлығымыз – үш ұлымыз үшін саған алғысым шексіз», – деп жазды ол.

Нағима жазбасының соңында марқұм күйеуінің жүрегінде мәңгі сақталатынын айтып, сағынышын жеткізді.

Тэгтер:

заңгер жазба марқұм Ғабит Өмірбек