Қараша айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін, 13:31 / Ахмет Қанатұлы
Күнтізбе. Көрнекі фото: Pakin Songmor/Getty Images

2026 жылдың қараша айында Қазақстанда қосымша демалыс берілетін мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Биыл қараша айында барлығы 30 күн бар. Оның 21-і жұмыс күні болса, қалған 9-ы демалысқа сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 7, 8, 14, 15, 21, 22, 28 және 29 қараша күндері демалады.

Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін азаматтар үшін қарашада 25 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады. Олар 1, 8, 15, 22 және 29 қарашада демалады.

Тэгтер:

демалыс қараша