Белгілі актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жолдасы, актер Дархан Мұсаев жеке өміріндегі жағымды жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі сүйіктісімен ресми түрде некесін қиып, жаңа отбасын құрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Актер қуанышты хабарын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады. Ол жалғыздықпен қоштасып, өмірінің жаңа белесіне қадам басқанын жеткізді.
«Бүгін сіздермен екінші жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Әрине, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін мен, бүгін біз некеге отырдық. Ал, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Дархан Мұсаев.
Актердің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Желіде өнер иесіне ақ тілегін арнап, жаңа құрған отбасына бақыт тілеген оқырмандар да болды.