Атырауда жойқын жарылыс болды: бір адам ауруханаға түсті

Бүгін, 16:05 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Атырау қаласында Sulpak дүкеніне жақын орналасқан қазандықта жарылыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, маңайдағы үш қабатты тұрғын үйдің терезелері қирап, екі автокөлікке зақым келген.

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газ баллонынан шығуы мүмкін. Алайда оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір тиісті мамандар мән-жайды анықтап жатыр.

Тэгтер:

атырау жарылыс газ баллон