Жартас опырылып, үш адам қаза тапты

Бүгін, 09:37 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Түркияның Каппадокия аймағында жартас опырылып, үш адам көз жұмды. Тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға өңірге тән «пері мұржасы» - түрік тілінде peri bacası деп аталатын жартас құрылымының бір бөлігі құлаған кезде болған. Опырылған тас сынықтары сол маңда жүрген адамдардың үстіне түскен.

Невшехир провинциясының губернаторы Хюсейн Көктің мәлімдеуінше, соңғы күндері жауған нөсер салдарынан көшкін жүріп, жартас опырылған.

Зардап шеккен бес адам медициналық мекемелерге жеткізілген. Олардың жарақатының ауырлығы мен қазіргі жағдайы туралы берілген ақпаратта нақтыланбаған.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза тапқандар мен жараланғандардың кім екені туралы қосымша мәлімет жарияланбаған.

Тэгтер:

түркия адам жартас марқұм