Димаш Құдайберген түркі елдері басшыларының алдында өнер көрсетті

Бүгін, 11:26 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшылары қатысқан концертте өнер көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәдени іс-шарада «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі түркі мемлекеттерінің таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.

Концерт барысында мәртебелі меймандар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Сондай-ақ сахнаға Түркияның танымал әншісі Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген шықты. 

Мәдени кеш түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы мен өнерін дәріптеуге арналды.

Тэгтер:

президент Димаш Құдайберген әнші түркі