Астанада Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Елорда полиция департаментінің мәліметінше, өзеннен адам денесі табылғаны туралы хабар түскеннен кейін құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.
Полицейлер марқұмның жеке басын анықтады. Ол Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция ер адамның денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын хабарлады.
"Зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жай тергеу барысында анықталады", – деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ер адамның қандай жағдайда өзенге түскенін және өлімінің нақты себебін анықтап жатыр.