Шахтада бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 17:27 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Қайғылы оқиға 29 қазанда "Қазхром" компаниясының Дон тау-кен байыту комбинатындағы шахтада болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шахта Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығының құрметіне аталған және ERG құрамына кіреді.

Компания мәліметінше, вагондарды тіркеу жұмысы кезінде шахта жұмысшысы жарақат алған. Оны Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Алайда дәрігерлер қанша күш салғанымен, оның өмірін сақтап қала алмады.

Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

шахта жұмысшы марқұм