Қазақстанның тарихи қалаларының бірі Түркістанға халықаралық мәртебе берілмек. 2027 жылы шаһар Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысы қуанышты жаңалықты өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
"ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады", – деп жазды Президент.