Тоқаев "Халықтық құрылысқа" бөлінетін қаржыны бақылау үшін мемлекеттік комиссия құруды ұсынды

Бүгін, 10:41 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалайтын арнайы мемлекеттік комиссия құру қажет екенін мәлімдеді. Оның құрамына депутаттармен қатар журналистер, қоғам белсенділері және волонтерлер де кіруі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жарияланған ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қаржының жұмсалуына бақылау орнату мәселесін көтерді.

Президенттің пікірінше, мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін арнайы комиссия жасақтау қажет.

"28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан „Халықтық құрылыс“ бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев