Тоқаев бірнеше кадрлық тағайындау жасады

Бүгін, 13:04 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Мемлекет басшысының жарлықтарымен еліміздің Марокко мен Кубадағы жаңа елшілері тағайындалып, бір дипломат қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

31 қазанда Ақорданың ресми ақпарат көздерінде Президенттің дипломатиялық қызметке қатысты жаңа жарлықтары жарияланды.

Мемлекет басшысының шешімімен Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Президенттің тағы бір жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Андриан Елемесов бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келген.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев