Мөлдір Мұқан ай сайын қанша несие жабатынын айтты

Бүгін, 12:05 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Мөлдір Мұқан өзіне 11 миллион теңгеге алқа сатып алғанын айтып, ай сайынғы несие төлемінің көлемін де жария етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, қымбат әшекейді жақында өзіне сыйлық ретінде алған. Мөлдір Мұқан алқасын тағып тұрғанын айтып, бағасын жасырмады.

«Өз-өзіме сыйлық жасап, 11 млн теңгеге алқа алдым. Жақында ғана алғанмын. Енді тағып тұрмын», – деді ол.

Сонымен қатар Мөлдір Мұқан несиесі бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, ай сайын несие төлемдеріне 8 миллион теңге жұмсайды.

«Кредитім бар. Ай сайын 8 млн теңге несие жабамын. Уайымдамаңыздар. Әр қазақтың басында бір несие бар», – деді Мөлдір Мұқан.

Тэгтер:

несие тұрсынбек қабатов отбасы Мөлдір Мұқан