Түркістан облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тауып, сегіз бала жетім қалды

Бүгін, 13:27 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты Қаратөбе ауылында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды. Артында сегіз баласы қалған отбасыға туыстары мен ауыл тұрғындары қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы мәліметке сәйкес, балалардың үлкені – 15 жастағы қыз, ал кенжесі небәрі сегіз айлық сәби.

Қайғылы жағдайдан кейін марқұмдардың жақындары мен ауыл азаматтары балалар тұратын баспананы жөндеуге кіріскен. Олар асар ұйымдастырып, үйді балалардың тұруына қолайлы етуге күш салып жатыр.

Үндеу авторларының айтуынша, баспананың жылу жүйесі толық орнатылмаған әрі үйге газ тартылмаған. Сондықтан қазір жөндеу жұмыстарын жедел аяқтап, балаларға жағдай жасауға басымдық беріліп отыр.

«Ағайын-туыс, ауыл тұрғындары қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр», – дейді бейнежазба авторлары.

Тэгтер:

Түркістан ата-ана жол апаты Облыс