Ақтаудағы қайғылы оқиғаға 40 күн: аман қалған сарбаз әсерлі жазба жазды

Бүгін, 16:53 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған Никита Удалов қаза тапқан қаруластарын еске алып, жазба жариялады. Ол қиын сәтте қолдау білдірген барша жанға ризашылығын жеткізіп, марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ақтау қаласында қаза тапқан сарбаздардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қазаны еңсеруге Алла күш-қуат пен сабыр берсін», — деп жазды ол.

Никита Удалов – сол оқиғада тірі қалған үш әскери қызметкердің бірі. Оның жазбасы сарбаздардың қазасына 40 күн толуына орай жарияланды.

Еске салайық, Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде жел күшейіп, 17 әскери қызметкерді су ағызып әкеткен. Қайғылы оқиғадан 14 сарбаз көз жұмып, үшеуі аман қалған.

Тэгтер:

маңғыстау сарбаз марқұм 14сарбаз