Сауранбаев кетті, Жанасова келді: Тоқаев Көлік министрін ауыстырды

Бүгін, 18:19 / Ахмет Қанатұлы
Фото-коллаж: Arasha.kz / ЖИ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамында кадрлық өзгеріс жасады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметінен босатылып, оның орнына Әсел Жанасова тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорданың хабарламасына сәйкес, Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылған.

Әсел Жанасова кім?

Әсел Жұбанышқызы Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлыбританиядағы Кембридж университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan компаниясында ақпараттық технологиялар саласының маманы болып бастаған.

Кейін Қазақстан Ұлттық банкінде, "Зерде" ұлттық басқарушы холдингінде және «Астана» халықаралық қаржы орталығында басшылық қызметтер атқарды.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары болды.

2022 жылдан 2025 жылға дейін "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрайымы қызметін атқарды.

2025 жылғы маусымда Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ал 2025 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрлігін қанша уақыт басқарды?

Нұрлан Сауранбаев 2025 жылғы 30 маусымда Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалған.

Бұған дейін ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі және Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болған.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Үкімет құрамы жаңарған кезде Көлік министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Енді Президент Жарлығымен аталған лауазымнан босатылды.