Жол апатынан ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр Таев Астанадағы ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оны аман алып қалуға бар күшін салғанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Апат Астана – Петропавл тасжолында болған. JAC T9 автокөлігі жол техникасын алып жүретін қызметтік патрульдік көлікпен соқтығысқан.
Алдын ала болжам бойынша, JAC жүргізушісі жылдамдық талабын сақтамай, алдындағы көлікпен арадағы қауіпсіз қашықтықты ұстанбаған.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.