Атырау қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде екі әйелдің айтқан сөзіне байланысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ниқаб киген екі әйел эфир барысында көрермендердің сұрақтарына жауап берген. Сол кезде олардың бірі: «20 жылдан бері террористпін. Мені Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бәрі таниды», – деп мәлімдеген.
Сондай-ақ ол ҰҚК аккаунтын белгілемеуді сұрап, тікелей эфирлерін онсыз да бақылап отырғанын айтқан.
Осы жағдайдан кейін 38 және 39 жастағы екі әйел полиция бөліміне жеткізілген.
Оларға қатысты үш әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар әйелдермен теолог түсіндіру жұмыстарын жүргізген.