Текеліде трактор қаққан 11 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін, 18:05 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған трактор 11 жастағы қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, трактор жолдан өтіп бара жатқан қызды қаққан.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу барысында жол қозғалысы ережелерінің, сондай-ақ жол жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріледі.

Тэгтер:

трактор адам марқұм Текелі