Қостанайда 86 жастағы зейнеткер өз үйінің ауласынан өлі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған қарияның қазасына қатысты жергілікті жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстаған. Оның кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.
Қазір тергеушілер оқиғаның қалай болғанын және оған не себеп болғанын анықтап жатыр.