Таиландта Интерпол іздеу салған 24 жастағы қазақстандық ұсталды

Бүгін, 17:56 / Альфия Адамбек

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ол 20-дан аса жалған фирма ашып, ақша жылыстату арқылы 560,8 млн теңге залал келтірген. Қылмысы әшкереленген соң Таиландқа қашып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Пхукет аралында жасырынып жатқан жерінен ұсталды. 

Сондай-ақ оның Таиланд аумағында визасыз 185 күн заңсыз жүргені анықталды. 

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың ұсталғанын растады.

Қазір оны Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Тэгтер:

Таиланд ақпарат интерпол